ҰҚШҰ елдерінің Украина-Ресей соғысына қатысты ұстанымы белгілі. Беларусь пен соғысты бастаған Ресейден басқа елдер бұл соғыста Украина тұтастығын қолдап, қақтығысты келіссөз арқылы шешуге үндеп келеді, деп хабарлады taulik.kz mezgil.kz сайтына сілтеме жасап. 2023 жылдың қаңтарынан бастап ҰҚШҰ (ОДКБ) Бас хатшысы қызметін И.Тасмағамбетов атқаруда. Тасмағамбетов бүгін былай деді:
«Киевке толассыз қару-жарақ жеткізіп жатқан АҚШ пен Батыстың кесірінен үстел басына отырып, мәмілеге келу мүмкін болмай тұр...»Осылайша Иманғали Тасмағамбетов әскери ұйым атынан бұл қақтығысқа қатысты өз позициясын білдірді. Әрине бұл Қазақстанның позициясы емес, бұл ҰҚШҰ Бас Хатшысының позициясы. Дей-тұра сөздің бір ұшқыны, таяқтың бір ұшы бізге де тиеді. Осыған дейін ҰҚШҰ елдері бірлесе қару шығару өндірісін іске асыруға қатысты мәлімдеме жасаған Имекең, бұл жолы да қазақ қоғамының көзқарасына сай келмейтін мәлімдеме жасаған екен.