Мәзір
31 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар мүлкі де тәркіленді деп хабарлайды taulik.kz.
"Қайрат Боранбаевты кінәлі деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Бапакова.
ҚМА мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаевтың ісі сотта былтыр желтоқсаннан бастап қарала бастады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серді өздерінің бақылауындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде қаражат жымқырған. Істе прокурорлар жымқырылған сома көлемі 14,5 млрд теңге екенін айтады.

Апта талқысында: