Алматыда сексуалдық жанжал салдарынан мектеп-интернат директоры қызметінен кетті

Алматыда сексуалдық жанжал салдарынан мектеп-интернат директоры қызметінен кетті

ашық дереккөзі

Алматылық мектеп-интернат директоры сексуалдық жанжалға байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды Taulik.kz cайты Orda.kz-ке сілтеме жасап. Алматыда аз қамтылған отбасылардың  балаларына арналған №10 мектеп-интернатының директордың міндетін атқарушы сексуалдық жанжалға байланысты қызметінен кетті. Бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Тәжібаева «ASTANA» телеарнасының «Ащы шындық» ток-шоуына өтініш білдірді. Айтуынша, мекеме басшысы жұмыс орнында балағаттап, интимдік қарым-қатынас жасауға мәжбүрлеген. Қылмыскер ол кезде оқу орнының директорының міндетін атқарушы болған. Оқиға жәбірленушіге өте қатты әсер еткеннен кейін ол арыз жазып, жұмысын тоқтатқан. Әйелдің айтуынша, бәрі 2022 жылдың күзінде басталған. Алдымен ер адам жұмыс орнында түсініксіз белгілер көрсете бастаған, содан кейін қызметтік жағдайын пайдаланып, оны дәмханаға шақыруға мәжбүрлеген. Бұл уақытта ол мектеп-интернатының директорының міндетін атқарушы болған. Әйел бас тарта алмай өзінің болмашы жалақысынан 35 000 теңге жинап бастығын кешкі асқа шақырады. Мұғалімнің айтуынша, сол күнгі кешкі отырыс зорлаумен аяқталған.

«Ол маған тура келіп, бірден шешіндіре кетті. Мен жылап оған қарсылық көрсетіп,тиіспеуін өтіндім, бірақ ол мені тыңдамай, зорлады», – дейді Гүлмира Тәжібаева көзіне жас алып.
Мұғалім адамдардан ұялып әрі бастығының кек алуынан қорқып, сұмдық оқиғаны құқық қорғау органдарына жеткізбеген. Ер адам бірнеше ай бойы бағыныштыны қорлауды жалғастырады, тіпті  бірде ауызша жыныстық қатынасқа түсуді өтініп сұраған. Гүлмира өзінің ол істі жасай алмайтынын айтса, директор үйрену керек деп жауап берген. Соның салдарынан нәпсіқұмарлық пен қорқытудан шаршаған ұстаз «Ащы шындық» ток-шоуына жүгінген.
«Аманқос Үрметұлының бойында әдептілік пен адамдық жоқ. Бірде ол мені кеңсесіне шақырып, оған минет жасауды талап етті. Мұны естігенде тіпті жүрегім тоқтап қала жаздады. Қан қысымым 220-ға көтеріліп, ауруханаға түстім. Түні бойы ұйықтай алмадым, жылап жібердім. «Ащы шындық» бағдарламасына баруға қатты ұялдым, қазақпыз ғой, мені бәрі айыптайтынын білдім. Бірақ одан ары үндемей, осылай әділдік іздеп келгеніме қуаныштымын. Бұл қайғымды елмен бөліскенім өзімді жақсы сезінуге көмектесті. Менің жоғалтатын ештеңем жоқ».
Дәл осы бағдарламаның студиясында заңгерлер Айдын Нұрмұхамбет пен Мейірман Шекеевтің көмегімен ұстаз Алматы қалалық әкімдігіне арыз жазған.
«Түсірілімнен кейін мен азамат Тәжібаеваның жыныстық қатынасқа түсу фактілері бойынша сот актісін жасауға көмектестім, ол бойынша қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды», - дейді адвокат Айдын Нұрмұхамбет.
Келесі күні бағдарламаның екінші бөлімінің түсірілімі жоспарланып, оған мектеп директорының өзі шақырылады. Ер адам студияға қолдау тобымен келген: онымен бірге бұл істі жоққа шығаратын тағы 3 мұғалім болды. Қорытындылай келе, директордың міндетін атқарушы Гүлмираның мектептегі сабақ уақытын қысқартқаны үшін оған әбден ренжігенін айтқан.
«Мен бәрін жоққа шығарамын. Ештеңе болмады. Сабақ уақытын қысқартып, жұмысына талап қоя бастағаным үшін Тәжібаева ханым маған ашуланды», - дейді ол.
Ал түсірілімнен кейін телестудиядан шыққан ер адам жұмыстан кету туралы арыз жазып, бағдарламаны журналистерге тапсырған. Ол ертеңінде «Ащы шындық» бағдарламасына өзінің бейнесін бағдарламада да, әлеуметтік желіде де көрсетпеуді талап етіп, сотқа дейінгі шағымын жолдаған. Мектеп директоры мен өзге мұғалімдердің мүддесін қорғаған адвокат Дина Сәдуақасова жобаның продюсері Ғазиза Райымбекпен кездесіп, оның директорлары бейнеленген материалдарды эфирге шығаруға тыйым салуды талап еткен. Барлық арыз-шағымдарды шешу және нақтылау аясында редакция дау толық шешілгенге дейін хабар таратуды уақытша тоқтатқан.
«Сол күні Аманқұс Дүйсенбаев түсірілімге 1,5 сағат бұрын келіп, бізде республикалық телеарнада көрсетілетін ток-шоу барын білді. Біз ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Бағдарламаның толық видеосы бар. Оның өзі мен барлық келген мұғалімдер өз еріктері арқылы келді. Тіпті бір мұғалім шақырусыз келді, менің студиядан шығу туралы өтінішімнен кейін де ол шығуға келіспеді. Түсірілімнен кейін Дүйсенбаев есін жиып, бұл телестудия ток-шоу екенін білмегенін айтты. Күлкілі емес пе? 8 камера, прожекторлар, ондаған операторлар, режиссерлер, бағдарламаның жүргізушісімін. Ол менің барлық жүргізуімді тыңдады, сарапшылар оқиға туралы пікірлерін беріп,сұрақтар қойды және студияда біздің бағдарламаның бірнеше заңгерлері болды - мұнда не түсініксіз болуы мүмкін ?! Біздің жалғыз кемшілігіміз сол күні асығыс болып, олармен суретті пайдалану туралы келісімге қол қоймағанымыз», – дейді продюсер Ғазиза Райымбек.
Осыдан кейін Гүлмира Тәжібаева ең шарасыз қадам – өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдаған. Ол өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы хат жазып, үлкен дозада таблетка ішкен. Алайда әйел аман қалып, бірнеше күн ауруханада жансақтау бөлімінде жатады.
«Бұл жағдайдан соң олар маған қысым көрсетті, өзімді өте нашар сезініп тұрмын. Мектепте менің дипломымды тексереді. Дипломым үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Қысым үшін 11 таблетка ішкенімнен кейін, олар мені реанимацияға жатқызды, олар менің асқазанымды дәріден тазартты. Сол сәтте менде қан кетіп, жара пайда болды.Мен барлығынан шаршадым , бірақ сонда да өз құқығымды қорғаймын, мен әйелмін әрі заңды мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, әділдік сұраймын.Мені бұл қиындығыммен жалғыз қалдырып кетпессіздер, бар үмітім сіздерде», – деді Тәжібаева.
Біраз уақыттан кейін бағдарлама продюсері Ғазиза Райымбек директордан түсініктеме талап ету үшін №10 мектеп-интернатқа барды. Бірақ продюсер онымен сөйлесе алмаған. Сол күні түсірілім тобы түсініктеме алу үшін Білім басқармасына барғанда директор мырзаға кездейсоқ кездесіп қалады. Журналистерді көрген қашуға асыққан. Осылайша ер адамды қуып жету мүмкін болмаған. Өз кезегінде Алматы қалалық білім басқармасы болған оқиғадан хабардар екенін растап, ер адам 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз бергенін, іс полицияға берілгенін айтты. Алматы полициясы мұғалімнің арызы қабылданып, қылмыстық кодекстің екі бабы – зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша тіркелгенін растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Азаматша Т. Бостандық ауданының полиция басқармасына өтініш білдірді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бұл факт қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша бірден тіркелді. Қазіргі уақытта істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, зорлау фактісін тексеру мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптаманы Әділет министрлігі жанындағы Сот сараптамалары орталығының мамандары жүргізеді",-деді Алматы ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Ал, Гүлмира Тәжібаева мектептегі жұмысын жалғастырып, шындықты дәлелдеп, жетекшісін жауапқа тартамын деп үміттенеді. Әйелдің айтуынша, ол барлық қажетті тексерулерден өтуге, қажет болған жағдайда өтірік детекторынан өтуге де дайын.

Loading...