Ақтөбе қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz сайты. Polisia.kz мәліметінше, тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 кг.), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылды және тәркіленді. Осы факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қазіргі уақытта тінту шаралары жалғасып жатыр.
Ақтөбеде гаражға жүз келі есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Ақтөбеде гаражға жүз келі есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
