Қазақстандық дзюдошы Түркияда өткен «Grand Slam» турнирінде қола жүлдегер атанды
«Нұрқанат Серікбаев Түркияда өткен «Grand Slam» турнирінде қола жүлдегер атанды. 60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы моңғолиялық Ариунболд Энхтайванмен қолғап түйістірді», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.Қазақстандық спортшының «вазариден» қарсыласына ұтылып қалғаны, бірақ «иппонға» лақтыруды орындағаны атап өтілді.