Қазақстанда зейнетақы 50 пайыз көтеріле ме?

Қазақстанда зейнетақы 50 пайыз көтеріле ме?

ашық дереккөзі

Қазақстанда түрлі желілерде зейнетақы 50 пайыз көтеріледі деген ақпарат тарап, көптің талқысына түсіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50 пайызға арттыру туралы ақпарат тарап жатқанын әрі бұл ақпараттың жалған екенін растады.

"Таратылған видеороликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды. Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге кірмеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз", - делінген мәлімдемеде.
Ведомство азаматтарға тек ресми деректерді қолдануды, жалған ақпарат таратқан адамдардың заңмен жазаланатынын ескертті.

Loading...