Қазақстандықтарды 1 сәуірден бастап не күтіп тұр?

Қазақстандықтарды 1 сәуірден бастап не күтіп тұр?

ашық дереккөзі

2023 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр, деп хабарлайды «Taulik.kz»  тілшісі. 1 сәуірден бастап жанар-жағармайдың бағасы өседі Өзгерістерге сәйкес, АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 6-7 теңгеге, дизель отынына – 12-14 теңгеге өседі. Атырау МӨЗ 92-ші бензинінің литрінің бағасы қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары, ал Петропавл ПМХЗ бензині – төмен. 1 сәуірде «Цифрлық активтер туралы» заң күшіне енеді 6 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы заңның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында цифрлық активтердің эмиссиясы мен айналымы, цифрлық тау-кен өндірісі жөніндегі қызметті дамыту үшін құқықтық базаны құру.

ЕАЭО-мен саудада шот-фактураларды міндетті тіркеу енгізіледі

1 сәуірден бастап Қазақстан ЕАЭО елдерімен өзара саудада тауарларға жөнелтілім шот-фактураларын міндетті түрде беруді енгізеді. Пилоттық режим екі жылдан астам уақыт ерікті негізде жұмыс істеді. Енді ол міндетті болады. Алматының 39 көшесінде жаңа шам пайда болады Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев көшені жарықтандыру мәселелерін көтерді. Қала басшысы 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Түрксіб ауданының 100 ішінара жарықтандырылмаған көшесінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады. 61 көшеде жарық қосылған, қалған 39 көшенің жұмыстары 2023 жылдың сәуір айында аяқталады.

1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар 2022 жылғы көлік салығын 2023 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі керектігін еске салады. Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады. 1-сыныпқа қабылдауға құжат тапсыру басталады Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Білім беру мемлекеттік қызметі электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді. Лотереялар, құмар ойындар 2023 жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтардың букмекерлік кеңселер мен лотереялардағы ставкаларын есепке алу енгізіледі. Қазақстанда сәуір айы ашық ауа райымен басталады «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы кең солтүстік-батыс антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз күн ашық ауа райы күтіледі. Ауа райы болжамына сәйкес, күндізгі салқын ауа массалары бірте-бірте жылынады.

«Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында «Болашақ» бағдарламасына өтінім қабылдай бастайды. Қазақстандықтар сәуір айында қалай демалады? Бұл айда ешқандай мемлекеттік және ұлттық мереке жоқ. Жалпы 5 күндік жұмыс аптасында 20 жұмыс күні және 10 күн демалыс бар. Алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 25 күн жұмыс істеп, 5 күн демалады.  

Loading...