Алматы облысында 16 жастағы мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды taulik.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Алматы облысының Тұрар ауылында болды. 16 жастағы оқушы мектептен үйге келген. Әжесінің айтуынша, ол түскі ас ішіп, ұйықтауға кеткен. 2 сағаттан кейін әжесі сарайға кіріп, немересінің асылып қалғанын көреді. Қазір полицейлер өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оның бұл әрекетінің себептерін анықтап жатыр.
"Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды",-деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.