logo
search
menu

Астанада сауда орталығында эскалатор құлап 20 адам зардап шекті

Астанада сауда орталығында эскалатор құлап 20 адам зардап шекті
1 сәуір, 2023
Астанада сауда орталығында эскалатор құлап 20 адам зардап шекті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанадағы "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында эскалатор құлап, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай кезінде эскалаторда жиырмаға жуық адам болған, зардап шеккендер бар.
     "Астана қаласы, Есіл ауданы, "Сарыарқа" сауда үйі. Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа құлаған. Құлаған кезде эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Апат нәтижесінде екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алған.  Оларды 103 қызметі тексеріп жатыр", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
    Ресми мәліметке сәйкес, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы