Мәзір
1 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған 9 адам қамауға алынды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған 9 адам қамауға алынды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған 9 адам қамауға алынды Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған 9 адам қамауға алынды
ашық дереккөзі
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған 9 адам бас бостандығынан айырылды. Қалған күдіктілерге қатысты сот жалғасып жатыр. 31 наурызда бас прокуратура бұл туралы мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. Ведомство хабарламасында 84 адамды азаптаған күштік құрылымның 35 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жазылған. Бұған дейін "жәбірленушілер өздерін азаптаған адамдарды оларда маска болғандықтан танымады" деген желеумен азаптау істерінің басым бөлігі жабылған еді. Хабарламада прокурорлар Қаңтар оқиғасындағы азаптауға қатысты 11 қылмыстық істі тергегені жазылған.
"Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысында бейнебақылау жазбаларын сақтау серверлерін мақсатты түрде жою құқық бұзушылықтарды анықтаудағы маңызды проблемалардың бірі болды", - делінген бас прокуратура хабарламасында.
Ресми хабарламаға қарағанда, арнайы прокурорлар жазбаларды қайта қалпына келтіріп, азаптау ісінде негізгі айғақ ретінде пайдаланған. Прокуратура тексерісінің нәтижесінде қылмыстық қудалау орындарында видеобақылау орнатылмаған 6159 жер анықталған. 937 камера істемей тұрғаны белгілі болған. Прокуратура бұл кемшіліктерді жоюға уәде берді. Қазақстанда ақпан соңында пенитенциар мекемелері мен полиция, жедел тергеу бөлімдерінде видеобақылау жүйесін орнату ережесі бекітілген еді. Мұндай ереже азаптауға қарсы шара ретінде қабылданғаны айтылды. Қаңтардағы азаптау істері жөнінде есеп берген бас прокуратура өкілдері сонымен бірге, бұл бағытта өкілетті тұлғалар мен азаптаудың алдын алуға жауапты қызметкерлердің нақты регламенті жоқтығын атап айтқан.
"Қазіргі кезде тиісті нұсқаулық қабылданып, сеніп тапсырылған бөлімшеде азаптауларға жол бергені үшін басшылардың тіпті қызметтен босатуға дейін жауапкершілігі көзделген шектеулер белгіленді", - деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.
Адвокаттар қауымдастығы прокуратура органдарында азаптау істерін тиімді куәландыратын қылмыстық бөлім құруды ұсынған. 2022 жылы қаңтарда Қазақстанның батысында басталған ірі наразылық кейбір қалаларда тәртіпсіздікке ұласып, кемінде 238 адам қаза болған. Үкіметке қарсы наразылықты әскер мен полиция басты. Мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адам азаптауға шағымданды. Бірақ кейін азаптау істерінің басым бөлігі жабылғаны белгілі болды. Билік бастапқыда азаптау фактілерін терістеген, бірақ нақты айғақтар пайда болғаннан кейін полиция бөлімшелері мен изоляторда бірнеше адамның азаптаудан көз жұмғанын мойындады. Қазақстанда азаптау істері сотқа сирек жетеді. Құқық қорғаушылар жылдар бойы елде адам азаптағандар жазасыз қалатынын айтып келеді.

Апта талқысында: