Криштиану Роналду мен оның әйелі Джорджина Родригес жеке ұшағын сатылымға шығарды. Ерлі-зайыпты Gulfstream G200 люкс ұшағын 20 миллион еуроға бағалаған, деп жазады taulik.kz sportskeeda.com сайтына сілтеме жасап.
Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің іскерлік және жеке мақсатта пайдаланған ұшағы аргентиналық модельдің Netflix сериалында "Мен Джорджинамын" аталымында көрсетілді. Ерлі-зайыпты ұшақты сатып, үлкендеу ұшақ алуға шешім қабылдаған. Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес қазір Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта тұрады. Португал футболшысы Аль-Насрға ауысқаннан кейін атақты жұп Таяу Шығысқа көшкен.