Алматы облысында жол апаты болып, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1 сәуірде сағат 08:00 шамасында Audi 100 көлігінің жүргізушісі, яғни Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 196-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1964 жылғы Б. есімді азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Әртүрлі дене жарақаты бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан аудандық ауруханаға жатқызылды.
Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр