logo
search
menu

Қазақстандық үздік сериалдар анықталды

Қазақстандық үздік сериалдар анықталды
1 сәуір, 2023
Қазақстандық үздік сериалдар анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен алғаш рет ұйымдастырылған "Nauryz" ұлттық сериалдар бәйгесінің қорытындысы шықты , деп хабарлайды taulik.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марапаттау кешіне Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Асхат Оралов, медиа менеджерлер, сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркиядан келген мамандар қатысты. Байқау нәтижесі төмендегідей болды:
    • Үздік тарихи сериал – "Міржақып. Оян,Қазақ!". "Qazaqstan" ұлттық арнасы
    • Үздік драмалық сериал – "Ақжауын". "Qazaqstan" ұлттық арнасы
    • Үздік комедиялық сериал – "Келінжан". "Хабар" телеарнасы
    • Үздік веб-сериал – "Serjan Bratan". Salem Social Media
    • Үздік актер – Дулыға Ақмолда. "Serjan Bratan" сериалы
    • Үздік актриса – Жанель Сергазина. "Няня" сериалы
    • Екінші пландағы үздік актер – Рүстем Жаныаманов. "Келінжан" сериалы
    • Екінші пландағы үздік актриса – Камалия Байтелеуова. "Ақ пен қара" сериалы
    • Үздік режиссер – Ерлан Нурмухамбетов. "Қаныш.Қазына". "Qazaqstan" ұлттық арнасы
    • Үздік сценарист – Бекзат Мырзахметова. "Mystan". Salem Social Media
    • Үздік қоюшы-оператор – Бағдат Арғынов. "SHEKER", "Serjan bratan", "5:32".Salem Social Media
    • Үздік монтаж – Рахимжан Яхьяров. "Ақ пен қара". "Хабар" телеарнасы
    • Үздік саундтрек – "Sheker". Salem Social Media
    Сонымен қатар қазылар алқасының шешімімен Наурыз ұлттық байқауының Арнайы сыйлығы - Шет елге сатылған үздік коммерциялық "Патруль" сериалына берілді. Екінші Арнайы сыйлық бірінші отандық "Перекресток" сериалына табысталды. ​Жеңімпаздар отандық телесериалдар өндіру саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін "Nauryz" мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы