logo
search
menu

Жетісу облысындағы мектепте жарылыс болып бір адам қаза тапты

Жетісу облысындағы мектепте жарылыс болып бір адам қаза тапты
1 сәуір, 2023
Жетісу облысындағы мектепте жарылыс болып бір адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жетісу облысының Көксу ауданына қарасты Қазақстанның 10 жылдығы ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады taulik.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға салдарынан 1965 жылы дүниеге келген жұмысшы қаза тапты. Марқұмның артында 5 баласы қалды. Мектеп жасындағы ұл-қыздары жоқ. Бұл оқиға бүгін таңертең 8-ден 52 минут кеткенде болды. Қазір жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр.
    «Аталған білім ошағының құрылысы былтыр басталып, биыл сәуірде аяқталуы тиіс еді. Бірақ мердігер бізге ол құрылыс нысанын әлі тапсырған жоқ», - деді Көксу ауданы әкімінің орынбасары Айгүл Айманбекова.
    Қазір бұл іспен полиция мен өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Сергей Огай, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
    - Дизель отынының буы жиналуына байланысты сыйымдылығы 500 литрлік ыдыс жарылып, аумағы 22 шаршы метрлік жылу қазандығы өртенді. Таңғы сағат 9-дан 28 минут кеткенде өрт сөндірілді. Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі қылмыстық кодекстің 292-бабы, 2-бөлігімен іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы