Сегіз жылға сотталған миллионер Қайрат Боранбаевтың қызы туралы тың ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды taulik.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. TikTok әлеуметтік желісінде тараған видеода Боранбаевтың екінші қызымен түскен сәті жарияланған. Фотосуретте қыздың ерекше күтімді қажет ететіндігі, ал әкесі Қайраттың қызын демеп жүргендігі аңғарылады. Аталған видео Боранбаевқа сот үкімі шыққан соң желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Айта кетелік, Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты миллионер Қайрат Боранбаевты 8 жылға соттау туралы үкім шығарған болатын. Олигархты сот ірі көлемде қаржы жымқыру және қылмыстық жолмен келген қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп тапқан.
"Боранбаевқа мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуіне тиым салынып, түпкілікті 8 жыл жаза тағайындалсын", - деді үкімді оқыған судья Нұргүл Бапақова.Сондай-ақ, бұл іске қатысы бар Роман Наханов пен "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанұзак Тайыр да 8 жылға сотталды. 56 жастағы Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа туыстық қатынасы бар. Боранбаевтың қызы Назарбаевтың жиені Айсұлтанға күйеуге шығып, кейін жесір қалған. Әртүрлі дереккөздерде Боранбаевтың байлығы 350 миллион доллардан 519 миллион долларға дейін бағаланған.