Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Түркияның Анталья қаласында ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ж.Құламбаева ресейлік Дарья Лодиковамен бірге финалда швециялық Жаклин Кабай Авад - грекиялық Марта Матуламен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаеваның жекелей сында да үздік шығатындай мүмкіндігі бар. Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 909-орында тұрған түркиялық Башак Эрайдынды 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Ж.Құламбаева ертең финалда рейтингте 622-сатыдағы чехиялық Дениса Хиндовамен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды.