Павлодар облысында жол апаты болып, 1 адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апаты болып, 1 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1 сәуір сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында жол бермей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысқан.
Audi автокөлігінде отырған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
"Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән жайы мен себептері тексеру барысында анықталады", - делінген хабарламада.

Loading...