logo
search
menu

Ереуілге шыққан Жетібайлықтар аштық жариялауын тоқтатты

Ереуілге шыққан Жетібайлықтар аштық жариялауын тоқтатты
2 сәуір, 2023
Ереуілге шыққан Жетібайлықтар аштық жариялауын тоқтатты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жұмыс талап етіп, аштық жариялаған Маңғыстау облысы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары акцияларын тоқтатты, деп хабарлайды taulik.kz.
    "Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін жиынға қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша жұмысты одан әрі жалғастыратын болады", - делінген әкімдік мәлімдемесінде.
    Еске салайық, Жетібайлық жұмыссыз тұрғындар аштық жариялап, мұнай саласына жұмысқа тұруды талап еткен болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы