Елден қашып кеткен Серік Құдебаев туралы тың дерек шықты

Елден қашып кеткен Серік Құдебаев туралы тың дерек шықты

ашық дереккөзі

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Серік Құдебаевтың шетелге қашқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ал енді сол туралы тың деректер шықты, деп хабарлайды taulik.kz aiqyn.kz сайтына сілтеме жасап. Жоғарғы соттың мәлімдеуінше , Құдебаев сот процесі кезінде ешқайда кетпеу туралы қол қойған.

«Осы азаматтың айтуынша, ол ауруханада болған, сондықтан сот процесінің соңында істі қарауды кейінге қалдырды. Алайда үшінші рет кейінге қалдырылғаннан кейін сот істі рәсімдеп, оны ішкі істер органдарына орындауға жіберді», – деді Жоғарғы сот.
Редакция Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен ақпарат сұрады. Алайда ол жақтан да жауап ала алмаған.
«Бұл сұрақ бізге емес. Ол тергеу изоляторында ұсталған жоқ», – деп атап өтті комитет.
Одан әрі редакция Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға және ҰҚК-нің шекара қызметіне жүгінді. Өкінішке қарай қазіргі уақытта ешқандай орган бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кетейік, Серік Құдебаевтың қашып кеткендігі туралы жариялаған болатынбыз. Күдебаев алдымен Қырғызстанға, одан кейін Өзбекстанға, соңында Өзбекстан арқылы Солтүстік Кипрге ұшып кеткен. Ол неге Солтүстік Кипрге кетті? Өйткені Қазақстан мен Солтүстік Кипр арасында экстрадицияға қатысты келісімшарт жоқ.

Loading...