Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» қайырымдылық себеті үлестірілді. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б. бар.
Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Қождан ата», «Темірші ата» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.