logo
search
menu

Серік Күдебаевтың қайда қашып кеткені белгілі болды

Серік Күдебаевтың қайда қашып кеткені белгілі болды
3 сәуір, 2023
Серік Күдебаевтың қайда қашып кеткені белгілі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Серік Күдебаев – қазір қаңтар оқиғасы бойынша сотталып жатқан Алматы және Жетісу полиция департаменттерінің бұрынғы басшысы. Кеше кейбір БАҚ экс-шенеуніктің сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан кетіп қалғанын мәлімдеді.

    Мәлімет бойынша, бұрынғы жоғары шенді полицей 23-24 наурыз күндері елден қашып кеткен. Ол Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартқан.

    Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. Енді Күдебаевқа тағылған айыптардың барлығына қашу дерегі қосылады. Іспен арнайы прокурор айналысып жатыр.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы