logo
search
menu

Қазақ боксшысынан жеңілген өзбекстандық спортшы жылап жіберді

Қазақ боксшысынан жеңілген өзбекстандық спортшы жылап жіберді
3 сәуір, 2023
Қазақ боксшысынан жеңілген өзбекстандық спортшы жылап жіберді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстандық Ержан Ізтілеуовтен жеңілген өзбекстандық Иброхим Гиесов қарсыласының қолын алмастан ринг шетіне барып жылады, деп хабарлайды taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен жастар арасындағы халықаралық турнир финалында қазақ боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 52 келі салмақта жеңімпаз ретінде Ержанның есімі аталғаннан кейін өзбек боксшысы қолын бермей, ринг шетіне барып, бетін жауып тұрып қалды. Ізтілеуов жан-жағына құрмет білдіріп, Иброхимнің қасынан тағы өтіп бара жатып, қайтадан қол ұсынған еді. Өзбек боксшы бұл жолы да қарсыласын елемей құрметсіздік танытты.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы