logo
search
menu

Атырауды каспий жағалауынан шыққан өрттің түтіні басты

Атырауды каспий жағалауынан шыққан өрттің түтіні басты
3 сәуір, 2023
Атырауды каспий жағалауынан шыққан өрттің түтіні басты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түтінге тұншыққан атыраулықтар желіде шағымданып жатыр, деп хабарлайды taulik.kz Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеуінше, Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенген.
    «Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс жанып жатыр. Бұл – Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы аумақ. 2 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 19:00 шамасында қамыс өрті шамамен 85 гектар аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері 80 гектар аумақтағы өртті сөндірді. Жел екпіні өртті сөндіруге қиындық келтіріп тұр. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ»,  – делінген хабарламада.
    Теңіз жағалауындағы 5 гектардағы қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер, 2 техника, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 30 адам, 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа тартылған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы