Шавкат Рахмонов пен қарсыласының жазбалары желіде дау тудырды

Шавкат Рахмонов пен қарсыласының жазбалары желіде дау тудырды

ашық дереккөзі

UFC файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаевтың парақшаларындағы жазбалар желіде дау тудырды деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.  Рахмонов қасқыр терісінің үстінде отырып түскен суретін парақшасында жариялап, "Біреулер өзін қасқырмын десе... Қасқырлар біздің астымызда" деп жазба қалдырды. Кейін өзін "қасқыр" деп атайтын швециялық файтер Хамзат Чимаев жауап ретінде сурет жариялады.

"Өмір бойы шибөрі болып өткенге қарағанда, өзін қасқыр деп атау – абырой", – деп жазды Чимаев.
Көп ұзамай Хамзат Чимаев ет жеп жатқан қасқырдың видеосын өз парақшасына жүктеді. Қос спортшының жазбаларынан кейін желіде дау туындады. Кейбірі мұны Рахмонов пен Чимаев арасындағы жекпе-жек алдындағы трэш-ток деп атады.
"Рахмонов пен Чимаев тек қарсыластар ғана. Жекпе-жекті дамытып, көп ақша тапсын, осылайша өз өмірлерін қамтамасыз етсін", "Шавкатқа жауап берді", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Loading...