logo
search
menu

52 жастағы азамат 15 ай бойы құлдықта болған

52 жастағы азамат 15 ай бойы құлдықта болған
3 сәуір, 2023
52 жастағы азамат 15 ай бойы құлдықта болған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалық басшысы 52 жастағы азаматты 15 ай бойы құлдықта ұстаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
    «Шығыс Қазақстан облысында еңбекті заңсыз пайдалану фактісі анықталды. 1986 жылы туған шаруа қожалық басшысы 1971 жылы туған жергілікті тұрғынды зорлық-зомбылық көрсетіп, қорқыту арқылы 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін еңбекке қанап келген. Ер адам үй шаруашылығында және мал күтімінде жұмыс істеуге мәжбүр болды», – деді Шұғыл Тұрлыбек.
    Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
    «Ал жәбірленуші адам саудасының құрбандарына арналған дағдарыс орталығына орналастырылды», – деді ІІМ өкілі.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы