WBA нокаутпен жеңген қазақ боксшыны жазалады

WBA нокаутпен жеңген қазақ боксшыны жазалады

ашық дереккөзі

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы өзекті рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, екінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) топ-15 тізімнен шығып қалды, бұған дейін ол 13-орында болған еді. 

Бекман кейінгі рет 21 наурыз Алматыда жұдырықтасып, филиппиндік Дженела Лаусаны (11-1-1, 7 КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA Inter-Continental титулын қорғап қалған болатын. 

WBA неге мұндай шешімге келгені белгісіз, бәлкім ұйым Сойлыбаевтың қарсыласы әлсіз болды деп есептеген болса керек. 

Loading...