Зейнеттегі Бердібек Сапарбаев қазір немен айналысып жүр?

Зейнеттегі Бердібек Сапарбаев қазір немен айналысып жүр?

ашық дереккөзі

Зейнетке шыққан Бердібек Сапарбаев президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқиды. Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Taulik.kz.

"Сонау 2018 жылдың сәуір айында "Jas Qazaq" ақпараттық агенттігінің беттерінде менің "демалысқа шыққанда жастарға сабақ берсем деймін" деген ойым жарық көрген екен.

Сол ойымды 53 жылдық жұмыс өтілімді аяқтаған соң, Мемлекет басшысы жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының білім алушыларына арналған дәрістерімнің аясында жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым.

Бүгінгі дәрісімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуындағы сөзіндегі нақты 8 бағыт пен тапсырмалары жөнінде жастармен пікір алмастым", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Loading...