Алматыда мопедист полиция қызметкерін қағып, қашып кетпекші болған

Алматыда мопедист полиция қызметкерін қағып, қашып кетпекші болған

ашық дереккөзі

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Оқиға Құлжа трактінің бойында болған, - деп хабарлайды taulik.kz сайты massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Патрульдік экипаж өздеріне берілген бағыт бойынша жүріп келе жатқан. Олар мопед мінген адамның тәртіп бұзғанын байқаған. Ол жылдамдықты асырып, бөлініс жолағы бойымен қарама-қарсы қозғалып келе жатты. Жүргізуші тәртіп сақшыларының тоқтау туралы заңды талаптарына мән бермей, қозғалып келе жатқан бағытында полиция қызметкерін қағып кетіп, қашуға әрекеттенді", – деді Алматы полиция департаменті ЖПҚБ мамандандырылған батальон командирі Жәнібек Өскембаев.
Инспектор қолынан жарақат алған. Ал 39 жастағы қала тұрғынының көлік құралын басқаруға берілген құқығы жоқ болған, ол 2019 жылы көлікті мас күйінде айдағаны үшін сот шешімімен құқығынан айырылған. Мопед жүргізушісі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша полиция қызметкерінің талаптарына бағынбай, оны қағып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.    

Loading...