Қызылорда облысының тұрғыны 100 кг ақбөкен мүйізін сатпақшы болған
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен немесе олардың дериваттарымен заңсыз айналысу, аса ірі залал келтіру) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деп хабарлады ҰҚК.Қылмысты ұйымдастырушы қамауға алынды.