Ақтөбеде мас күйінде автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде мас күйінде автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды

ашық дереккөзі

Ақтөбелік полицейлер мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды taulik.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап. 2 наурызда Мира мен Тургенев көшелерінің қиылысында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «ПАЗ» маркалы автобус тоқтатылды. Жүргізушінің бұл әрекеті полицейлердің күдігін тудырған. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша ол мас күйінде автобус жүргізген. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының бірінші бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқаруы» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Материал әкімшілік сотқа қарауға жіберілді.

Сондай-ақ автопарк слесаріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 619-бабының 1-бөлігі «Мас күйдегі жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Loading...