Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 91 жастағы кейуана қайтыс болды

Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 91 жастағы кейуана қайтыс болды

ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жер үйде өрт шығып, 91 жастағы кейуана қайтыс болды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. Департамент мәліметінше, Алтай қаласындағы Западная көшесінде орналасқан жер үйде өрт шыққан. Қызыл жалын үй маңындағы шаруашылық қора-жайға да жайылған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Үй ішіне барлау жүргізу барысында жатын бөлмеден 91 жастағы кейуананың денесі табылды. Ал аяқ-қолын күйік шалған 61 жастағы әйелді жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті», - делінген хабарламада.
Көп ұзамай жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртпен күреске барлығы 3 техника мен жеке құрамнан 10 адам жұмылдырылған. Жалынның нақты неден шыққаны әзірге белгісіз.

Loading...