Қазақстандық ауыр атлеттер жалпы командалық есепте бірінші орын алды

Қазақстандық ауыр атлеттер жалпы командалық есепте бірінші орын алды

ашық дереккөзі

Албаниядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, командалық есеппен алға шықты, деп хабарлайды  taulik.kz сайты.

Спортшылар жұлқу әрі серпе көтеру қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетті.
Алтын медальдарды 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта Никита Әбдірахманов жеңіп алды. Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
"Спортшыларымызды және барлық қазақстандық жанкүйерлерді осынау жетістікпен құттықтаймын. Біздің жас ауыр атлеттерге болашақта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін. Жаттықтырушыларға да ерекше алғыс айтамын. Себебі олардың еңбегінің арқасында отандық ауыр атлетика мектебі Қазақстанды жаңа чемпиондардың есімдерімен әлемге танытып жатыр",- деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асзат Оралов Facebook-тегі парақшасында.

Loading...