Оқ астында қалған ер адам Украйнадағы соғыстан қоштасу видеосын жолдаған ба?

Оқ астында қалған ер адам Украйнадағы соғыстан қоштасу видеосын жолдаған ба?

ашық дереккөзі

Украинадағы соғыстан қоштасу видеосын жолдаған Орынбор қазағы тірі қалды. Бұл туралы Kp.ru басылымы хабарлайды деп жазды Taulik.kz  "Қазақ" лақап атымен танылған Орынбор ауданының тұрғыны ауруханадан шығып, үйіне оралған. Ауыр жарақаттан аман қалған қазақ жігіті, қазірдің өзінде қайтадан соғысуға дайын. Медициналық комиссия мен дәрігердің тексерісінен кейін, ол қайта оралуы мүмкін. Азамат оқтың астында қалып, "қош болыңдар, бәріңді жақсы көремін" деген қоштасу видеосы арқылы танылған болатын. Бірақ оған дер кезінде көмек көрсетіліп, өлімнен аман қалды. Жігіт этникалық қазақтың Орынбор облысындағы шалғай ауылдардың бірінде тұрады.

Loading...