Ташкенттің Сіргелі ауданында әйел мен оның үш баласы тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап қаза болды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұл деректі растады. Қайғылы оқиға 3 сәуірде сағат 19:20 шамасында Сіргелі ауданының 8-кварталындағы №77 үйде болған.
«Ведомствоның мәліметінше, 1996 жылы туған әйел Д.А. «қасақана кісі өлтіру мақсатында» өз балаларын – екі ұлы (2018 және 2019 жылдары туған) мен қызын (2022 жылы туған) жатын бөлмесінің терезесіне әкеліп, «алдымен ұлдарын бірінен соң бірін лақтырып жіберген, содан кейін қызымен бірге терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған» - делінген.Оқиға салдарынан барлығы қаза тапты. Қазіргі кезде елдің Бас прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.