Ер адам ара шаққаннан кейін қаза болды

Ер адам ара шаққаннан кейін қаза болды

ашық дереккөзі

Пхукетте көптен бері тұрып келе жатқан шетелдік турист ара шаққаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды taulik.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Таиландтың курортты қаласының Раваи ауданындағы үйге келіп жеткен жедел жәрдем 68 жастағы Ұлыбритания азаматын ес-түссіз күйде тапқан. Жақын маңдағы ауруханаға жеткенше оның жүрегі мен өкпесіне реанимация жасалды. Алайда бұл көмектеспеді, ауруханаға жеткенде дәрігерлер ер адамның көз жұмғанын айтты.

Ер адамның әйелі оның өліміне себеп ара болғанын мәлімдеген. Ер адам мотоциклмен үйіне келе жатқанда оны ара шағып алған екен. Ол үйге келісімен аллергияға қарсы дәрі қабылдаған. Содан кейін есінен айрылып құлаған. Сонымен қоса, әйелдің сөзінше, ер адамның ара сияқты жәндіктерге аллергиясы болған. Дегенмен, өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

Loading...