«Шекарамыз «проходной двор» болып кетті» – заңгер

«Шекарамыз «проходной двор» болып кетті» – заңгер

ашық дереккөзі

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек елдегі қауіпсіздіктің жағдайы ақсап тұрғанын айтып, Facebook желісінде жазба жариялады. Оның айтуынша, шекарамыз «проходной дворға» айналып кеткен, деп жазады Taulik.kz.

«Кез келген «бомж» еркін кіріп, тал түсте қару дүкенін тонап, халқына оқ атқыза салады! Оны ұстаған жігітті «Халық батыры» қылып көрсетіп, онша-мұнша емес, оған «Айбын» орденін таға салады! Ал үстінен сот жүріп жатқан Генерал Күдебаев беймарал, еш кедергісіз шекара асып қашып кете салады.

Сосын оған «Халықаралық іздеу салдық» деп жайына жібере салады. Болды, сонымен «ертегі» бітті. Бәрінен бұрын, дәл осы бассыздықтар мен заңсыздықтарға жол берген бірде-бір форма киген жауаптылар, тіпті, олардың бастықтары да жауапкершілікке тартылмайды, оларға шара да көрілмейді ғой, шіркін..! Керісінше, кеуделеріне орден тағып, медальға көміп, құрметке бөлейді! Ащы болса да, бұл - шындық. Елдегі қауіпсіздіктің жағдайы ақсап тұр. Тіпті, қорқынышты. Халқым-ау, осыдан кейін, әділетті Қазақстан бар дегенге қалай сенеміз?» - деп жазды заңгер.

Loading...