Мәзір
5 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеуге болатынын айтты

Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеуге болатынын айтты

Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеуге болатынын айтты Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеуге болатынын айтты
ашық дереккөзі
Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы қасиетті Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігін Instagram парақшасында айтты, деп жазады Taulik.kz.
«Біз кешке ауыз ашып, ауызашар дұға оқыған кезде бүгінгі күннің ауыз ашуына шүкір айтамыз және кешке ауызашарда «ертеңгі күнге ниет еттім» дегенді қосамыз. Сондықтан кімде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда адам ертеңіне ораза болып кете береді. Оған қоса түске дейін ниетін жаңалап алса, жақсы болады. Бірақ ол күні сәресін ішпейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресін ішуге шақырған. Сәресінің өзі ниет болып есептеледі. Мен оянып, сәресін ішем дегенімнің өзі ниет болады. Демек, бұдан шыққан сөз: сәресін іше алмай қалса, оразасы жалғаса береді», - дейді Нұрлан имам.
Бұған дейін Нұрлан қажы Байжігітұлы ауызашарды шоуға айналдырмауға шақырды.

Апта талқысында: