Шымкенттің экс-әкімі Динара Әлжанға қатысты эксклюзив сұхбат берді

Шымкенттің экс-әкімі Динара Әлжанға қатысты эксклюзив сұхбат берді

ашық дереккөзі

Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы екенін айтқан Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен де арақатынасы болғанын жариялаған еді. Ғабидолла Әбдірахымов осы ақпаратқа қатысты алғаш рет Massaget.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді, деп жазады Taulik.kz.

Динара Әлжан сұхбат барысында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан алған жалпы сомасы 70 мың долларды қалай жұмсағанын да айтқан еді.

Ал Ғабидолла Әбдірахымов бірнеше күн бойы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіні шулатқан ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, бәрі жалған екенін айтты.

"Иә, оқыдым, көрдім, бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды әрі сандырақ!" - деді ол.

Бірақ Шымкенттің бұрынғы әкімі Динара Әлжанмен таныс екенін жоққа шығармады.

"Таныспын, егер мұны солай атауға болса. Бірде Шымкентте досым жұбайының мерейтойына шақырды. Әнші Динара Әлжан осы іс-шарада басқа шақырылған эстрада әртістерімен бірге өнер көрсетті. Мұндай іс-шарада әдеттегідей Динара Әлжан бірге суретке түсуді сұрады. Бұл сурет сол жерден", - деп түсіндірді Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Шымкентке тойға барып, сол сапарда өңірдің экс-әкімімен танысқанын мәлімдеген болатын.

Loading...