logo
search
menu

6-8 сәуірде елімізде аяз болып, қар жауады

6-8 сәуірде елімізде аяз болып, қар жауады
5 сәуір, 2023
6-8 сәуірде елімізде аяз болып, қар жауады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты көрініс береді: 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кейде қатты жаңбыр жауады.

    «7 сәуірде Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс антициклонына байланысты еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін», – дейді синоптиктер.

    Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін.

    Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяздан 7 градус жылыға дейін төмендейді.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы