logo
search
menu

Бокстан әлем чемпионатына 12 мемлекет бойкот жариялады

Бокстан әлем чемпионатына 12 мемлекет бойкот жариялады
5 сәуір, 2023
Бокстан әлем чемпионатына 12 мемлекет бойкот жариялады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдердің тізімі тағы бір мемлекетпен толықты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Halyq-uni.kz жазуынша, қазір тізімде 12 ел бар. Бұған дейін әлем чемпионатына АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Швеция, Канада, Украина, Германия мен Норвегия қатысудан бас тартса, енді олардың қатарына Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігі қосылды. Ұлыбританияның бокс федерациясы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына да қатысудан бас тартқан болатын. Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте 1-14 мамыр аралығында өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы