Сайрамда жас жігіттер көпірден секіруге бәстескен

Сайрамда жас жігіттер көпірден секіруге бәстескен

ашық дереккөзі

"Көпірден секірем" деп бәстескен жігіттерді полиция іздеп тапты, деп хабарлайды taulik.kz сайты.  Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысының полицейлері жас жігіттің бәстесу кезінде көпірден секірген бейнежазбасын анықтады, деп жазады ulysmedia.kz. Тексеру барысында оқиға 1 сәуірге қараған түні Сайрам ауданы Ақсукент маңындағы Ақсу өзенінде болғандығы анықталды. Нәтижесінде, Сайрам АПБ-ның қызметкерлері жастардың жеке деректерін анықтады. Олардың бірі видеоға түсірсе, екіншісі көпірден секірген. Анықталған екі адам ауыл тұрғындары екені белгілі болды. Жас жігіттер видеоны ақша алу үшін емес, әзіл үшін түсіріп, содан кейін TikTok желісіне орналастыру мақсатында жасалғанын айтты. Суға секірген жігіт жарақаттанбаған және оның денсаулығына ешқандай қауіп келмеген. Қос жігіт өкініштерін білдіріп, бұдан былай мұндай асығыс,  әрі өмірге қауіп төндіретін әрекеттерді жасамауға уәде берді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары оларға профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізді.

Loading...