Құлыбаевтар әлемдегі ең бай 6 адамның қатарына енді

Құлыбаевтар әлемдегі ең бай 6 адамның қатарына енді

ашық дереккөзі

Тимур мен Динара Құлыбаевтар миллиардер ретінде әлемді мойындатты, деп хабарлайды taulik.kz dalainside-қа сілтеме жасап. Олардың байлығы бір жылда тағы 1 миллиард долларға өскен. Бұл туралы Forbes журналы жаңартқан әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы тізімінен белгілі болды. Әлемдік байлар қатарында алты қазақстандық бар. Тимур мен Динара 7,6 миллиард доллар ортақ байлықпен тізімнің 636- сатысын иеленді. Ал Владимир Кимнің байлығы 4,6 миллиард долларға дейін азайған. Өткен жылы оның байлығы 5 миллиард долларға бағаланған еді. Тағы бір төл олигарх Болат Өтемұратов 100 миллион доллар жоғалтты. Қазір ол 2,7 миллиард доллар байлығымен рейтингте 1104-орында тұр. Kaspi Bank қожайыны Вячеслав Ким 3,6 миллиард долларымен 1513-орыннан 787-орынға көтерілді.

Loading...