«Әділетті Қазақстан қайда?» – Нұргелді Усбанов

«Әділетті Қазақстан қайда?» – Нұргелді Усбанов

ашық дереккөзі

Алматының Алмалы аудандық соты экономист Данат Намазбай мен белсенді Марғұлан Боранбайды Facebook әлеуметтік желісінде Ресейге қарсы жазбалар жариялағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Сот қос азаматты билікті күшпен басып алуға үгіттеу және ұлтаралық араздықты қоздыру үшін кінәлі деп таныды. Тергеу нәтижелері бойынша Марғұлан Боранбай 2018 жылдан бері Facebook әлеуметтік желісінде «орыс ұлт өкілдерінің ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған» жазбаларды жариялап келген. Сондай-ақ қазақ тілін үйрену мәселесін көтеріп, Ресейге жақындасуға қарсы шыққан. Ал Данат Намазбай болса жемқорлыққа қарсы пікір білдіріп, Ресейдің Украинаға қарсы басып кіруін айыптаған болатын. Осыған орай белгілі журналист, саясатшы Нұркелді Усбанов өзінің телеграм арнасында екі азаматты да танитынын және олардың Қазақстанды өзгелерден артық сүйетінін жазды.

«Марғұланмен де, Данатпен де жеке таныспын. Көздерін көрдім, сөздерін естідім. Бұл екі азамат сеператизмге қарсы күрескені үшін, шовинистерге тойтарыс бергені үшін қамауда. Бұл екі азамат Қазақты, Қазақстанды өзгелерден артық сүймесе, кем сүймейді. Тіпті, менен артық сүйеді. Оған кәміл сенімдімін! Ал үй ішінен үй тіккісі келетін әрбөтен ауыздарына келгенін құсып жүрсе де, қамалмайды. Сонда Әділетті Қазақстан қайда?» - деді ол.

Loading...