«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында бірқатар шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап. Атап айтқанда, жиында «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды роботтандырылған құралдармен қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру мерзімі 2023 жылға ұзартылған. Сондай-ақ, қор мәліметінше, осы жылдың 1 тоқсанындағы ішкі аудитордың 2 аудиторлық іс-шарасы – қордың донорлары мен стратегиялық әріптестерінен түсетін қаражат аудиті және қордың 2022-2023 жылдардағы бағдарламалары мен жобаларының іске асырылу аудиті бойынша есебі қаралып, назарға алынды. Барлығы 2023 жылға арналған аудит жоспары жыл ішінде өткізілетін 5 аудиторлық іс-шараны қамтиды. Сонымен қатар отырыста қамқоршылық кеңестің мүшелігіне Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі, қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белгілі тележүргізуші және журналист Мақсат Толықбаев сайланды. Мақсат Толықбаев «Халық сүйіктісі – 2020», «Адал тұлға – 2021», сондай-ақ «Үздік тележүргізуші-2016, 2019» байқауларының жеңімпазы. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Хабар» телеарнасында «Біздің мақсат» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.
Мақсат Толықбай тағы бір қызметке сайланды
Мақсат Толықбай тағы бір қызметке сайланды
