«Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканы Ресейге жөнелту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Видеода көрсетілген техника жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы жаттығулардан қайтып келе жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды», – деп хабарлады ведомстводан.