logo
search
menu
Алдағы күндерде Қазақстанның кейбір қалаларында күн 16 градусқа дейін суытады
Суық күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы күндерде Қазақстанның кейбір қалаларында күн 16 градусқа дейін суытады

Синоптиктер еліміздің 12-14 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды. Кейбір қалаларда аяз 16 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Taulik.kz "Қазгидромент" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжуы бойынша, алдағы үш күнде еліміздің ауа райы құбылмалы болмақ. Кейбір қалаларда жаңбыр мен қар болуы ықтимал.

Республикамыздың оңтүстік шығыс таулы өңірлерінің тұрғындарын көктайғақ күтеді.

12-14 қараша батыс, солтүстік, орталықта, ал 13 қарашадан бастап оңтүстікте ауа райы жауын-шашыңсыз болады. 

Ел бойынша жел күшейеді, ал шығыста қарлы боран болмақ. Түнгі және таңертенгі сағаттарда қалың ауа түсуі мүмкін.

Келер күндердегі ауа райы болжамы: 

батыста түнде +2...+9 градусқа дейін, күндіз +8...+17 градусқа дейін көтеріледі;

солтүстікте түнде -2...-10 градусқа дейін салқындап, күндіз -2 градустан +5 градусқа дейін жылиды;

орталық пен шығыста түнде -5...-15 градусқа дейін төмендейді, ал күндізгі жылылық  -3... градустан +5 градусқа дейін жетеді;

оңтүстікте түнде -1...-8 градусқа дейін суық, күндіз +5... +12 дейін жылы болады;

оңтүстік-шығыста түнде -3...-8 градусқа дейін, таулы аудандарда -11...-16 градусқа дейін күн суып, күндіз +2...+10 градусқа дейін жылып, таулы бөлікте -1...-6 аяз күтуде.