logo
search
menu

Смайылов кімдердің зейнет жасы төмендейтінін айтты

Смайылов кімдердің зейнет жасы төмендейтінін айтты
7 сәуір, 2023
Смайылов кімдердің зейнет жасы төмендейтінін айтты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлады taulik.kz

    «Құтқарушылардың зейнет жасына келсек, қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр», – делінген жауапта.

    Үкімет басшысының айтуынша, осының арқасында құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқарады.

    «Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады», – деді премьер-министр.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы