Еуропада ем алған Жүрсін Ерман елдегі айтыста қазылар құрамында болды

Еуропада ем алған Жүрсін Ерман елдегі айтыста қазылар құрамында болды

ашық дереккөзі

Швейцарияның Женева қаласында емделіп жатқан Жүрсін Ерман Алматыда өткен айтыста қазылар алқасының қатарынан табылды. Бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекеев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды Taulik.kz.

"Жанкештілік емей немене? 72 жасында сынақ қып берген сырқатты сырғытып артқа тастаса да, ұзақ алған ем-домнан кейін толық қалпына келіп үлгермеген Жүрсін Ерман айтыс алаңына келіп, жарқ етіп, жастарға жалын бергендей болды. Ол кісіні көрген кез-келген құлыншақтың көсіліп шауып, Жүрсіннің жүйріктері қатарынан орын алғысы келері анық. Бүгін жастар арасындағы жүйелі түрде өтетін айтыстың 1-ші күні немесе туры басталды. Ертең түстен кейін Алатау дәстүрлі театрында жалғасын таппақ. Айтысқа деген шынайы да нағыз көңілі болмаса, осындай батырлықты Жүрсін ағамыздың істемесі анық. Әркімге шыбын жаны тәтті ғой. Ақылдылығымен абызға айналған ағамыздың бүгінгі бұл қадамын мен ешқандай аңғалдық емес, саф өнерлеріміздің маржаны айтысқа деген махабатының дәлелі деп танимын. Сөйлеген сөзімде “Соңғы 50 жылға жуық жасаған қызметі үшін Жүрсін ағамызға айтыс та, яғни қазақ та қарыздар” дедім. Артық кеттім деп ойламаймын. Қолдарсыздар. Ағамыздың денсаулығы да әлі толыққанды тәуір емес. Дегенмен жігері жұқалмаған. Айтыстың қара нары - Жүрсін Ерманға бақытты да аман-сау ұзақ ғұмыр тілеп қойыңыздаршы. Көп тілегі көл болып, періштелер "әумин" деп, жаратқан жарылқасын” , – деп жазды кәсіпкер.

Loading...