Қазақстанда депутаттарға жеке көлік беріле ме? – Дәулет Мұқаев айтты

Қазақстанда депутаттарға жеке көлік беріле ме? – Дәулет Мұқаев айтты

ашық дереккөзі

Жаңадан сайланған депутат Дәулет Мұқаев қызметтік көлігі туралы айтып, Instagram-парақшасында жазба жариялады, деп жазады taulik.kz.

"Депутатта жеке көлік, жеке жүргізуші бар" деп көбі ойлайды. Ал шын мәнінде олай емес. Бізге берілетін лимит - бір айға 75 сағат. Оның өзінде тек жұмыс бабымен. Жеке өмірің үшін (мысалы, баланы мектепке апару, туған-туысты тасу) пайдалануға рұқсат жоқ. Үйден алып кетіп, жұмысқа алып келеді. Немесе керісінше. Жеткен кезде уақыт есептеледі, жүргізуші берген арнайы қағазға қол қоямыз. Әр депутатқа жеке код береді. Ол - құпиясөз. Тапсырыс берерде соны айту керек.

Ең қызығы, жұмыстан қайтарда ерте тапсырыс бермесең, көлік жетпей қалуы мүмкін. Немесе күту керек. Мысалы, мен өткен аптада сағат 18:10-да тапсырыс беріп едім, "алдыңызда 40 тапсырыс бар. Күтіңіз" деді. Күтпей, таксимен қайттым. Содан бері көмекшім сәл ертерек қоңырау шалып, тапсырыс беріп қоятын болды. Көлікке келер болсақ, Toyota, KIA көліктері жүреді. Жүргізушілер де ауысып отырады. Нақты бекітілген көлігіміз, жүргізушіміз жоқ", - деп жазды ол.

Loading...