Балалар арасында қызылша өршіп жатыр: карантин енгізіле ме?

Балалар арасында қызылша өршіп жатыр: карантин енгізіле ме?

ашық дереккөзі

Қазақстанда балалар арасында қызылша ауруы белең алды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елге бұл ауруды шетелден келгендер әкелгенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Қазіргі кезде балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайтыны белгілі. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден келгендер мен туристерден анықталды, яғни Түркиядан, Ресейден, Мысырдан келген адамдардан байқалды. Осының салдарынан балалар ауруды жұқтыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды, оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған», - деді министр.

Loading...